Қызылордада қалалық орталық емханадан өрт шықты
Қызылорда қаласында қалалық орталық емханадан өрт шықты, деп хабарлады ТЖМ. Төтенше жағдайлар қызметіне сағат 2.20-да З.Шүкіров көшесі бойында орналасқан қалалық орталық емхананың 2-ші қабатынан өрт шығуда деген шақырту түсті. «Өртке қарсы қызметінен оны сөндіруге 26 қызметкер жұмылдырылды. Барлау жұмысы нәтижесінде орталық емхананың 2-ші қабатындағы бөлме ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт 2.43-те толық сөндірілді. Өрттен…
