«Таза Қазақстан» акциясы аясында Абай облысының қалалары мен аудандарында ауқымды тазалау жұмыстары жүргізілді
Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында облыстың барлық аудандарында көшелерді тазалау, қоқыс шығару, су айдындарының жағалауларын тазарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, акцияға қатысушылар ескерткіштерді, гүлзарларды және басқа да орындарды абаттандырды. Облыс аумағында 10-ға жуық түрлі акция өтті. Ауқымды жобаның мақсаты – халықтың экологиялық мәдениетінің деңгейін арттыру, қоғамдық орындарды, көшелер мен су айдындарын жиналған қоқыстардан тазарту….
