Париж Олимпиадасы: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті
Фото: Владислав Семенов Бүгін Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақ боксшылары да жекпе-жекті жеңіспен бастады. Нақтырақ айтсақ, боксшыларымыздан 63,5 келі салмақта қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы кездесуін өткізіп, қарсыласынан басым түсті. Ол алғашқы айналымда испаниялық Ойер Ибареччемен жұдырықтасты. Бұл кездесудің қорытындысы бойынша отандасымыз төрешілердің бір ауызды шешімімен жеңіске жетті. Мұхаммедсабыр Базарбайұлының келесі…
