Париж Олимпиадасы: садақ атудан тағы бір спортшымыз жарыс жолынан шығып қалды
Отандасымыз Дәулеткелді Жаңбырбай садақ атудан жекелей сынның іріктеуінде Хорхе Энрикестен (Колумбия) 3:7 (28:29, 26:26, 27:28, 28:26, 27:29) есебімен жеңілді. Бұған дейін ұлттық құраманың көшбасшысы Ильфат Абдуллин де жарыстан шығып қалған болатын. Енді кешке жекелей сында Александр Еременко сынға түседі.
