Отбасылы келіншекті терезеден кіріп зорламақ болды – Ақсу ауылы әкімінің үстінен іс қозғалды
Жетісу облысында ауыл әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Желідегі жазбаға қарағанда, Жетісу облысына қарасты Ақсу ауылының әкімі түнде терезеден түсіп отбасылы келіншекті зорламақшы болған көрінеді. Ақсу ауылы аудан орталығынан 40 км қашықтықта орналасқан. БАҚ-тың хабарлауынша, полиция үйге заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Полицияға арыз-шағымды жәбірленуші түсірген. «Бірнеше күннен бері…
