QazaqToday

Шымкентте дизель отыны төгілген аумақта өрт шықты

Құтқарушылар Шымкент қаласында отты сөндірді, деп хабарлайды Qazaq.today.  Бүгін Еңбекші ауданында жеке аумақта жалпы ауданы 100 шаршы метр болатын құрылыс материалдары, ағаш отын және төгілген дизель отыны жанды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі. «Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалын сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – деп толықтырды ведомство. ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. 

Толық оқу

Адамзаттың асылы: қазақ ойшылының 179 жылдығы ел көлемінде аталып өтті

Қазақтың кемеңгер ойшылы, ұлы ақыны Абайдың 179 жылдығы еліміздің барлық қалалларында аталып өтті. Жастар ақынның өлеңін оқып, үлкендер ақынның өмірінен естеліктер айтты. Мәселен, Алматыда Республика Сарайы алдында қазақ ойшылы, хакім Абай Құнанбаевтың құрметіне ауқымды мәдени іс-шара өтті. Ақынның  179 жылдығына орай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, Қазақстан…

Толық оқу

Ақылы оқуға мүмкіндік: бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды

Бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды, ол 15 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Qazaq.today. Тестілеуге қатысу үшін 21 мыңнан астам өтініш қабылданды. ҰБТ-ға қатысушылардың 66%-ға жуығы қазақ тілінде, 34%-ы орыс тілінде, 69 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірді, деп мәлімдеді Ұлттық тестілеу орталығы. «Ұлттық бірыңғай тестулеуді өткізудің бірінші күні 5,7 мың адам емтихан тапсырады», – деп…

Толық оқу

Биыл 36 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды – ІІМ

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша жұмыс нәтижесі туралы есеп берді, деп хабарлайды Qazaq.today. Ведомство мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басшылық ету және қатысу фактілері бойынша биыл 36 қылмыстық іс тіркелді, оның ішінде үшеуі трансұлттық топтар бойынша. Оларды қаржыландыру және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері тергеліп жатыр. Қылмыстық кодекстің әртүрлі бабы бойынша…

Толық оқу

Елімізде үй сату-сатып алу бойынша рекорд орнатылды

2024 жылдың шілдесі 2022 жылғы сәуірінен бері тұрғын үй мәмілелерінің саны бойынша ең жоғары көрсеткіш тіркелген ай болды, деп хабарлайды Qazaq.today. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша тіркелген мәмілелер саны 40 099 құрады. Мәмілелер саны бойынша көшбасшылар: Алматы – 7 091 (17,7%); Астана – 6 843 (17,1%); Қарағанды облысы – 3 208…

Толық оқу
Яндекс.Метрика