Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті
Жаңақорған ауданында «Туған өлкенің тазалығы — барлығына ортақ» ұранымен ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Оған үкіметтік емес ұйымдар, зиялы қауым өкілдері, еріктілер, мекемелер, кәсіпорындар, сауда үйлерінің қызметкерлері және белсенді жастар қатысты. Жаңақорған кентіндегі туған жеріне бей-жай қарамайтын ауыл тұрғындары «Нұр базары» базарының жанында орналасқан «Жашыкөл» су қоймасының аумағын тұрмыстық қоқыстан тазартты. Олар ағаштарды ақтап, ғимараттарды бояды. Сонымен…
