БҚО-да қарақшылар тобы қолға түсті
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері кәсіпорындардың бірінің қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып, үш жас жігітті қолға түсірді. «Аталмыш топ Бөрлі ауданындағы мұнай-газ кәсіпорындарының біріне тиесілі мыс кабельдерді жымқырған. Сондай-ақ акционерлік қоғамдардың бірінің аккумулятор батареяларын ұрлаған. Ұсталғандар Ақсай қаласының тұрғындары екені анықталды. Олардың тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту…
