Балаева жауап берді: Беларусь елінде түсірілуі тиіс «Әлия» фильмі саяси жағдайға байланысты тоқтаған
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұловаға арналған «Әлия» көркем фильмі түсірілімінің тоқтау себебін айтты, деп хабарлайды Qazaq.today. Министр БАҚ-тағы соңғы хабарларға байланысты түсініктеме беріп, көркем фильм Беларусть Республикасында емес, өзіміздің елде түсірілетінін айтты. Министр өз сөзінде бұл фильмнің бюджеті ауқымды екенін, қаражаттың жартысы жеке инвесторлардан, қалғаны мемлекеттен бөлінетінін еске салды….
