QazaqToday

Жапонияда тағыда жойқын жер сілкінісі болды

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы Хонсю аралының жағалауында 5,0 баллдық жер сілкінісін тіркеді. Ұйымның сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, эпицентр Мито қаласынан солтүстікке қарай 40 км жерде орналасқан, онда шамамен 246 мың адам тұрады. Зілзала ошағы 35 км тереңдікте жатқаны белгілі болды. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ. Цунами қаупі туралы хабарланған жоқ.

Толық оқу

Алматы облысында экскаватор өзенге жүргізушісімен бірге құлап кетті

Алматы облысында экскаватор жүргізушісімен бірге өзенге құлап кеттті. Апаттан жүргізуші құтқарылды.  ТЖМ мәліметінше, Райымбек ауданында қатты жауын-шашынның салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай, экскаватор жолдан өзенге аударылып кеткен. Құтқарушылар ер адамға саты беріп, жоғары көтерілуге көмектесті. 1972 жылы туған зардап шегушіге медициналық көмек қажет болмады.  

Толық оқу

Израиль Хезболланың қолбасшысы Шукрды отбасымен қоса түгел өлтірді

Израиль  Хезболланың тағы бір қолбасшысы Шукрды әйелі, балаларымен қоса өлтірді, деп жазды The Wall Street Journal газеті. Шукрдың пәтеріне Израиль әскерилері соққы берген. «Хезболла» қолбасшысымен қоса оның әйелі, бөлмеде болған тағы екі әйел және екі бала қаза тапты. Израиль Шукрдің көзін құрту үшін барлау агенттіктері мен ұйымның ішкі коммуникацияларын бұзған хакерлердің жоғары технологиялық операциясының көмегіне…

Толық оқу

Ақтөбе облысында 2 жұмысшы кәріз құдығына уланып өлді

Фото: freepik.com Ақтөбе облысында екі адам кәріз құдығын тазалаймыз деп қаза тапты. Мұғалжар ауданында болған оқыс оқиғадан уланған тағы екі жұмысшы аудандық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Qazaq.today.  Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қаза тапқан екі ер адам да 1966 жылы туған. Жұмысшылар жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кетті. «Метан газымен уланған екі зардап шеккен…

Толық оқу

«Шешімді физик, атомшылар қабылдауы керек»: АЭС құрылысына қатысты сарапшылардың пікірі

АЭС құрылысын салу жайлы шешімді физиктер мен инженерлер қабылдауы тиіс. Қоғам белсенділері мен саясаттанушылар Алматыда Қоғамдық кеңес пен Алматы Азаматтық альянс бірлестігі ұйымдастырған жария талқылауда осыдай пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today. Қоғамдық тыңдаулар барысында атом электр станцияларының экологиялық таза энергия көзі ретіндегі артықшылықтары атап өтілді. Сарапшылардың пікірінше, атом электр станциялары жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруінің…

Толық оқу
Яндекс.Метрика