Алматы облысында Сібір жарасы адамдарға жұғып жатыр
Алматы облысының Шонжы ауылында сібір жарасы тарады. Бұл туралы журналист Диас Нұрақын өзінің facebook-парақшасында жазды. – Шонжыда ірі қарадан Сібір жарасы шығып, адамдарға жұғып жатыр екен. Ауру малды сойып, қолдарын жара басқа екі ауыл тұрғыны ауруханаға түскен. Жағдайлары бір қалыпты. Қазір ауру ошағын анықтау үшін ветеринарлар сиырлардан сынама алып, зертханаға жолдапты. Нәтижесі бүгін-ертең белгілі болады….
