QazaqToday

Млрд үшін 14 млн айыппұл ғана: ШҚО-дағы әкімдіктің қызметкрелері қолдан төтенше жағдай жариялап, 1,4 млрд теңге жымқырған

Шығыс Қазақстан облысының шенеуніктері ақша жымқырудың өзгеше тәсілін ойлап тапқан. Олар төтенше жағдай болмаса да, ойдан оқыс жағдайлар ойлап тауып, ақша шығару үшін жасанды тендерлер ойнатқан, деп хабарлайды Qazaq.today.  Облыстың прокуратурасы хабарлағандай, олар жалпы құны 1,4 млрд теңге болатын 78 келісімшартты заңсыз жасаған. Прокуратура осы тендерлер өткен кезде облыста төтенше жағдай мүлде болмағанын, бірақ, шенеуніктер бір көзден…

Толық оқу

Үйдің жалғыз ұлы: Ақтауда командир 19 жастағы сарбазды қасақана атып өлтірген болуы мүмкін

Бас әскери прокуратура Ақтауда борышын өтеп жүрген сарбаздың өліміне қатысты түсініктеме берді. Құзіретті органның хабарлауынша, командир сарбазды қасақана атып өлтірген болуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaq.today. Бас әскери прокуратура  7 қыркүйекте сағат 17:10 шамасында Ақтаудағы «Оймаша» полигонының аумағындағы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінің бірінің взвод командирі қатардағы Б.-ға ПМ табельдік тапаншасынан оқ атты. Салдарынан сарбаз қайтыс болды….

Толық оқу

Танымал тележүргізуші Александр Масляков қайтыс болды

8 қыркүйекте танымал тележүргізуші, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Александр Масляков қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaq.today. Ақпарат КВН-нің Telegram-дағы ресми арнасына жарияланды. «Александр Васильевич Масляковтың 2024 жылғы 8 қыркүйекте қайтыс болғанын өкінішпен хабарлаймыз. Ол КВН қозғалысының барлық қатысушылары мен миллиондаған көрермен үшін аңыз адам болды және мәңгі солай болып қалады. 1964 жылдан бастап, ол Ресейде және…

Толық оқу

«Не оттап тұрсын, аузыңды жап, көшіреміз дейсіңдерме»: Жетісу облысында қоғам белсендісіне қарсы жағымсыз пікір жазғызу басталған

Жетісу облысында қоғам белсендісін қудалау басталған. Кербұлақ ауданы әкімінің қос орынбасары жұмыс уақытында ішімдік ішіп, кафеде отырған. Қоғамдық белсенді Күнсұлу Мүлкібаева отырыстың үстінен барып қалып, шенеуніктерді қуып жүріп видеоға түсіріп алған еді. Енді шенділер қоғам белсендісін айыптап жазатын пікір қалыруды ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today. 6 қыркүйекте дәмханалардың бірінде мәслихат депутаты Ләззат Тұрлашев және Жетісу…

Толық оқу

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алғашқы алтын медальді франциялық мерген еншіледі

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыс күнінде жамбы ату спортының мажар стилінен жеңімпаздар белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Ұлттық және ат спорты түрлері қауымдастығының мәліметінше, Жамбы ату сайысына 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысып жатыр. Олар 11 топқа бөлініп, бақ сынады. Жарыс нәтижесі бойынша Франция құрамасының спортшысы Raphael Malet Көшпенділер ойындарының алғашқы алтын медаліне…

Толық оқу
Яндекс.Метрика