Соңғысы 1948 жылы өлтірілген: Қазақстанға амур жолбарыстары әкелінеді
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы жолбарыстарды реинтродукциялау жоспарымен бөлісті. Айтуынша елімізге жақында Нидерланды елінен екі амур жолбарысы жеткізіледі Министр еліміздің 2015 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен тиісті реинтродукция құжатына қол қойылғанын еске салды. «Қаржыландыру толығымен олардан болады. Біз биыл жолбарыстардың алғашқы санын қабылдауға дайынбыз. Тарихқа сүйенсек бізде әрқашан жолбарыстар болған. Соңғы жолбарыс…
