100 млн теңге: Қостанайда есірткі саудалаған студент ұзақ жылға сотталып кетті
Қостанайда есірткі сатқан студент 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaq.today. Бұған дейін полиция қалада есірткі таратумен айналысқан 2 адамды ұстаған болатын. Polisia.kz мәліметінше, олардың бірі дене шынықтыру факультетінің 4-курсында оқыған. Олардың жалдамалы пәтерін тінту кезінде қызметкерлер 4 келіден астам синтетикалық есірткі (а-PVP) тәркіледі. Осылайша, полиция айналымға 15 мыңнан аса дозаның жіберілуіне жол бермеді….
