Екі вагон азық-түлік сасып кеткен: Қостанай облысының әкімдігі гуманитарлық көмекті 6 ай тығып ұстаған
Көктемгі су тасқыны кезінде Арқалық қаласына Тәжікстан мен Өзбекстаннан келген вагон-вагон гуманитарлық көмек халыққа жетпеген. Жергілікті белсенділердің айтуынша, 2 вагон азық-түлік санитарлық талаптарға мүлде сай келмейтін қоймада 6 ай бойы сақталған. Өнім салынған қапшық тозып, тесіліп кеткен. Ұзақ уақыт бойы вагонның ішіндегі сыз-топырақта жатқан азық-түлік сасып кеткен, деп хабарлайды Todayinfo агенттігіне сілтеме жасаған Qazaq.today. Арқалықтың белсенділері Қостанай…
