Сабақ өтіп жатқан: Семейде мектеп өртеніп, оқушылар эвакуацияланды
Семей қаласында өрт шыққан мектептен оқушылар эвакуацияланды. Қаладағы №12 мектептен өрт шыққан. Білім ордасынан барлық оқушы шұғыл түрде эвакуацияланды. Бұл туралы Абай облыстық білім басқармасынан мәлім етті. «Өрт сағат 16.40-та шықты. Үшінші қабаттағы информатика және физика кабинеттерінің арасындағы зертханада түтін шығып, өрт дабылы қағылды. Оқушылар сыртқа шығарылып, мектеп әкімшілігі 101 қызметіне хабар берген», — делінген…
