QazaqToday

12 мың сарбаз: кореялықтар ресей әскерінің құрамында Украинаға қарсы соғыспақ

НАТО бас хатшысы Марк Рютте Ресейдің Курск аймағында Cолтүстік Корея әскерлерінің барын ресми түрде растады. Рюттенің айтуынша, Солтүстік Корея әскерлерінің Украинаға қарсы соғысқа қатысуы Үнді-Тынық мұхиты аймағына да, Еуроатлантикалық кеңістікке де қауіп төндіреді. Ол Солтүстік Корея әскерлерінің Ресей аймақтарына орналастырылуы Украинадағы соғыстың айтарлықтай өршуін білдіретінін атап өтті. НАТО бас хатшысы Мәскеу мен Пхеньянды бұл әрекеттерін дереу тоқтатуға…

Толық оқу

Жамбыл облысында бір ауылда екі оқушы суицид жасады

Жамбыл облысындағы бір ауылда екі жасөспірім өзіне қол жұмсаған. Облыстық прокуратура суицид туралы ақпаратты растады. Қайғылы оқиға Байзақ ауданының Түймекент ауылында екі күн қатарынан болды. Байзақ аудандық полиция бөлімі қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. «Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге…

Толық оқу

5,7 млн адам зардап шекті: Филиппинде дауылдан 85 адам мерт болды

Филиппиннің солтүстік-шығысында Трами тропикалық дауылы 85 адамды мерт қылды. Су тасқынының кесірінен 5,7 миллион адам үйлерін тастап кетті, деп хабарлайды Anadolu Ajansı. Азаматтық қорғаныс бюросына (OCD) сілтеме жасаған Manila Times газетінің хабарлауынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны артуы мүмкін. Табиғи апат салдарынан 92 мыңға жуық адам уақытша орналастыру орталықтарында, 27 мыңнан астам үй, 520…

Толық оқу

Елді бір апта әуреге салған: Қосшыдан қашқан 16 жастағы қыз Семейден табылды

Қосшыда бір апта бұрын жоғалып кеткен 16 жастағы қыз Семейден табылды. Ақмола облысының полиция департаментінің мәліметінше, Қосшы қаласында бір апта бұрын жоғалып кеткен 16 жастағы Дильназ Сәрсенова Семей қаласынан аман-есен табылды. 2008 жылы туған Дильназ Сәрсенова 19 қазанда үйінен шығып, қайта оралмаған. Қыз телефон қоңырауларына жауап бермеген. Алғашқыда әкесі қызын өзі іздеген, бірақ нәтиже шықпаған…

Толық оқу

9034-і «Сергек»: Алматының бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың камера қосылды

Алматыда «Сергек» камераларының саны он мыңға жуықтады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Алматыда «Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі» (ББЖ) жобасын жүзеге асыру жалғасып келеді. Бұл туралы қаланың цифрландыру басқармасы мен Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесі хабарлады. ББЖ жобасының негізгі міндеті – қаладағы барлық бейнебақылау камераларын бір платформаға біріктіріп, түрлі тапсырмаларға арналған бейнеағындарды көп мәрте пайдалану және нақты уақыт режимінде…

Толық оқу
Яндекс.Метрика