Израильде аялдамаға соғылған жүк көлігі 35 адамды жарақаттады
Израильде жүк көлігі аялдамаға соғылды. Апат кезінде автобус жолаушыларды түсіріп жатқан. Израильдің 12-арнасының хабарлауынша, бес адам ауыр, төрт адам орта және сегіз адам жеңіл жарақат алған. Жүк көлігінің астында қалған жолаушылар эвакуацияланған. Оқиға Тель-Авив маңындағы Рамат-Ха-Шарондағы Аарон Ярив желекжолында орын алды. Жүк көлігінің жүргізушісін полиция өлтірген. Апат болған жерге жедел жәрдем келіп, тұрғындар жарақат алғандар…
