Төрт айда түсірілген: Алматыда «Қытайдағы Алтай қазақтары» атты деректі фильмінің премьерасы өтті
Алтай қазақтарының тұрмысы жайлы деректі фильм түсірілді. 40 минуттан асатын фильмде ҚХР Алтай өлкесінде тұратын қазақтардың тұрмыс-тіршілігі көрсетілген, деп хабарлайды Qazaq.today. Журналист Мадина Ашилованың авторлық бағдарламасын түсіруге Қытай тарапы да қолдау көрсеткен. «Тұран ТВ» телеарнасы China News Service Шыңжаң бөлімшесімен Қытайдың Алтай аймағына бірлесіп авторлық авто-экспедиция ұйымдастырды. Қазақстандық журналистер шығыстағы Қытай-Моңғол шекарасынан, батыстағы Қазақстан мен…
