Бірге түнеген: Астанада жігіт өзімен кездесуге келген қыздардың ұялы телефонын ұрлаумен айналысқан
Астанада жас жігіт өзімен кездесуге келген қыздың ұялы телефонын ұрлаймын деп масқара болды. Жәбірленуші дәмханада жаңа танысқан жігітпен бірге уақыт өткізіп, кейін пәтер жалдаған. Алайда таңертең тұрғанда, жігіттің де, «iPhone 14» телефонының да жоқ екенін байқаған, деп хабарлайды Qazaq.today. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті жәбірленушінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, еш қиындықсыз телефонды алып, пәтерден шығып кеткен….
