1700 адамды бұралқы талаған: Қостанай облысында ит қапқан 13 адам құтырма ауруына шалдыққан
Қостанай облысында ит қауып алғандардың дені – балалар мен жасөспірімдер, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. Облыстық СЭС департаменті 1 700-ден аса ит қауып алу жағдайы тіркелгенін мәлімдеді. Оның 879-ы – бұралқы иттер. Сондай-ақ облыстың 710 тұрғыны мысықтан, 8-і жылқыдан, 11-і ірі қарадан, 108-і жабайы жануарлардан зардап шеккен. Зардап шеккендердің 1096-сы жедел жәрдемге қауіпті…
