Бөрісырғақ басталады: еліміздің 15 өңірінде қалың қар және бұрқасын болады
Фото: pixy.org Бүгінен бастап елдің көп бөлігінде қыс қаһарына мінеді. Елдің 15 өңірінде қолайсыз ауа райы қалыптасады, деп хабарлайды Qazaq.today. Қазақтар бұл уақытты «бөрісырғақ» деп атап, аса ұзақ жолға шықпаған, малды қорада, жайлы жерде ұстаған. «Қыс шілдесі» немесе «Бөрісырғақ» қарсаңында Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі….
