Қарақшылар еліндегі қақтығыс: Израиль тағы бір мұсылман елін талқандамақ

Әлемде тағы бір ел еврейлердің жаққан отына оранып жатыр. Мұсылман жұрты саналатын Сомали тұтас мемлекет ретінде жойылудың алдында тұр. Африканың шығысында жатқан кедей, мұсылман еліндегі дүрбелеңнің себебін Qazaq Today порталының тілшісі анықтап көруге тырысты.

Сомали халқының сорына орай бұл өлкеде теңіз қарақшылары тым көп. Оларды тоқтатуға алпауыт елдердің де күші келер емес. Онсызда қарақшылары қалың елдің халқын енді Израиль бөлшектеуге кірісті. Себебі неде?

«Дүниежүзіне теңіз қарақшыларымен (сомалийские пираты) атағы шыққан аймақ. Тіпті әйгілі американың Голливуд шеберханасы, актер Том Хенкстың қатысуымен “Капитан Филлипс” деген фильмді түсіріп үлгірген. Фильмде Сомалидің неше түрлі сұмдығын көрсетеді. Сол Сомали дәл қазіргі күні үш бөлікке тараудың алдында тұр», — деді депутат Самат Нұртаза.

Сомали ежелден бері 3 бөліктен құралады: Сомали, Сомалиленд және Пунтланд. Үшеуі де мұсылман, үшеуі де бір тілде сөйлейді. Алайда барлық дау, Израиль мемлекетінің Сомалилендты қолдауынан басталды.

«Қарапайым тілмен айтсақ, Израиль Сомалилендты азғырды. “Тәуелсіз боласың”, “Егемендіктен асқан бақыт бар ма?”, “Әр Сомалилендтық — жалғызым”, “Көмектесемін” деп қаржылай, рухани көмек бергенге ұқсайды. Ол аздай Израиль премьер-министрі Беньямин Натаньяху Сомалилендты дербес мемлекет ретінде мойындап жіберді. Сөйтіп тыныш жатқан Сомалилендтың есі шығып, давлениясы көтеріліп, кеудесіне бу бітіп, кенеттен Сомали мен Пунтландқа: “Жігіттер, Чао! Мен кеттім” деп қол бұлғап жіберді. Пунтландтың билігі, “Сомали екеуміздің жанымыз бір, мен бөлінбеймін” деп кепілдік берді. Жәй ғана кепілдікпен шектелмей, “Кетпейсің ешқайда!” деп Сомалилендтың шекарасында атыс-шабыс бастап кетті», — деп түсіндірді саясаткер.

Соңғы екі жылдан бері Палестина қыспаққа алып, Газа аймағының күл талқанын шығарған Израиль Африкадағы әлсіз елді де езе бастады. Оның айтағынан мыңдаған адам қырылып, талай ауыл-аймақ отқа оранады.

«Әлбетте Сомали Пунтландты қолдап отыр. Сомалилендты Израиль қолдап отыр. Израильге не керек бұл?” деген заңды сұраққа жауап: Израильге Қызыл Теңізде әскери база керек. Сомалиленд Қызыл Теңіздің “қақпасы” деуге болады. Иранның одақтасы болып отырған Йеменге қарсы төтеп беру саясаты. Себебі, бірнеше жыл болды, Йемен Израильді атқылап отыратын әдет шығарды. Йемен толықтай Иранның жағына шыққан ел. Иранның қаржыландыруымен жан сақтап отырған ел деуге болады», — деді депутат.

Сомали мен Сомалиленд арасында жатқан Пунтланд — бірнеше рет тәуелсіздіктен бас тартқан аймақ. Пунтландтың халқы — көбінесе теңіз қарақшылары. Жастардың күн көрісі сол қайықпен теңізге шығып, адасқан кемені олжалау. Дүниежүзін шулатқан, кемелерді тонап, басып алатын жігіттер — сол “Пунтландтың серілері”.

«Пунтланд билігінің басты ұраны — “бізге кеме қарақшылығымен айналысуға рұқсат бергендеріңше, біз Сомали құрамында отыра береміз”. Сомали де бұл ұсынысты қабылдағандай, Қызыл Теңіздегі кейбір ұсақ-түйекке көз жауып отыр», — деді ол.

Отқа оранып жатқан Сомали тұтастығын сақтап қала ма, әлде қапақшылар мен Израиль билігінің ықпалымен тұтастығын жоғалта ма? Ол уақыт еншісінде болса да, анығы онсызда жұтаң жазықсыз жұрты жұттан қырылғандай жойыла бермек.

Яндекс.Метрика