«Үлгі болатын тұлға»: Роналду бұрын-соңды алмаған атаққа ие болды

Коллаж: QazaqToday

Әлем футболының аңызы Криштиану Роналду үшінші жыл қатарынан «Таяу Шығыстың үздік ойыншысы» атанды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Сауд Арабиясының Әл-Наср клубында өнер көрсететін шабуылшы марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, мансабындағы басты мақсатын ашық айтты.

Футболшының айтуынша, оның келесі үлкен межесі – 1000 гол соғу.

«Мақсатым баршаңызға белгілі. Көбірек жеңіске жетіп, 1000 голға қол жеткізгім келеді. Егер жарақат кедергі болмаса, бұл мақсатқа жетемін, иншаАллаһ», – деді ол.

Роналдудың «иншаАллаһ» деп айтуы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, жанкүйерлер арасында қызу пікірталас тудырды.
Желі қолданушылары: «Роналду исламды қабылдады ма?», «Үлгі болатын тұлға», «Бала кезден бері жанкүйерімін», «Нағыз мықты футболшы» сынды түрлі пікір қалдырды.

Айта кетейік, биылғы маусымда Роналду 40 гол соғып, бұл атақ үшін бәсекеде Карим Бензема («Әл-Иттихад»), Салим әл-Давсари («Әл-Хиляль») және Рияд Марез («Әл-Ахли») сынды жұлдыздарды артта қалдырды.

40 жасқа толғанына қарамастан, Роналду жоғары деңгейде ойнай алатынын дәлелдеуді жалғастырып келеді. Қазіргі таңда оның кәсіби мансабындағы жалпы гол саны 956-ға жеткен.

Яндекс.Метрика