Фото: Видеодан алынған кадр
Қарағандының бұл ауданында қаңғып жүрген иттердің көбейіп кетуі тұрғындардың мазасын алып, әсіресе балалар үшін қауіп төндіре бастаған. Көшеде еркін жүру қиындап, ата-аналар баласын мектеп пен балабақшаға жалғыз жіберуге қорқады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Жақында 19-шағынаудан маңында иттің адамға шабуыл жасауы жағдайдың қаншалықты ушығып кеткенін айқын көрсетті. Тұрғындар бұл бір реттік оқиға емес, ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан түйткіл екенін айтып отыр.
Алайда жергілікті билік мәселені жүйелі түрде шеше алмай, жауапкершілік түрлі мекемелер арасында «қалқып жүргендей» әсер қалдырады. Қауіп күн сайын күшейіп тұрған шақта Майқұдық тұрғындары нақты шара қабылданып, мәселе түбегейлі реттеледі деген үмітте.
