Қызылордада көпқабатты үй тұрғындары бірнеше күннен бері жылусыз отыр

Қызылорда қаласындағы 4-шағынауданның 2-үй тұрғындары бірнеше күннен бері жылусыз қалып отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Олардың айтуынша, түнгі сағат 02:00 шамасынан бастап батареялар суып, пәтер ішіндегі температура күрт төмендеген.

Тұрғындар күн сайын 109 нөміріне хабарласатындарын, алайда әзірге нақты нәтиже болмай отырғанын айтады. Қыс қаһары күшейген тұста жылусыз қалу – адам денсаулығына тікелей қауіп төндіретін жағдай екенін алға тартуда.

Ашуға булыққан жұрт ТЭЦ-ке қарыздары жоқ екенін, тіпті жылуды алдын ала артығымен төлеп отырғандарын айтты.
«Жылуды дұрыс беріңіздер, болмаса мүлде ажыратып тастаңыздар, өзіміз газ кіргіземіз», – деп талап қойған тұрғындар жауапты мекемелердің үнсіздігіне наразы.

Яндекс.Метрика