«Сағаты 111 млн теңге»: Тұрсын Алагөзовтің киім киісі талқыға түсті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Сән әлемінің сарапшысы Жансая Әміршәріпқызы продюсер Баян Мақсатқызының жұбайы, кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің стилін талдап, оның бір күндік образының құнын есептеп шықты. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы хабарлады.

Блогердің мәліметінше, кәсіпкердің бір образға жұмсайтын жалпы сомасы 131 миллион теңгеге жуық.

Фэшн-блогер брендтік бұйымдарды жеке-жеке бағалап, мынадай есеп ұсынды:
– аяқ киім (Bottega Veneta) – 515 мың теңге;
– сөмке (Bottega Veneta) – 3 млн теңге;
– алқа (Prada) – 461 мың теңге;
– көзілдірік – 514 мың теңге;
– қол сағат (Hublot) – 111 млн теңге;
– футболка (Christian Dior) – 473 мың теңге;
– күртеше (Louis Vuitton) – 13 млн теңге.

Желі қолданушыларының бір бөлігі кәсіпкердің сәнді образына таңданыс білдірсе, енді бірі мұндай қымбат стильді сынға алды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Zhansaya Amirsharipkyzy (@zhansaya_ae)

Яндекс.Метрика