TikTok-тағы мазақ: ислам құндылықтарын келемеждеген видеолар Түркия қоғамын дүр сілкіндірді

Фото: видеодан скрин

TikTok желісінде ислам құндылықтарын келемеждейтін бейнежазбалардың таралуы Түркия қоғамында жаппай ашу-ыза туғызды. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы хабарлады.

Әлеуметтік желілерде кеңінен тараған видеоларда мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер намаз оқуды әдейі мазаққа айналдырып, оны «ойын-сауық» сипатында көрсеткені байқалады. Көпшілік бұл әрекетті әзіл немесе сөз бостандығы деп қабылдауға болмайтынын айтып, мұны діни сезімдерді қорлау әрі құлшылықтың мәнін бұрмалау деп бағалады.

Наразылық тек ел ішінде ғана емес, шетелдерге де жайылып, әлемнің әр аймағындағы мұсылман қауымы Түркия билігін қатаң шаралар қабылдауға шақырды. Қоғамда қызу талқы жүріп жатқан тұста, мұндай контенттің еркін таралуына жол берген жауапты құрылымдардың әрекетсіздігі де өткір сынға ұшырады.

Дереккөз: Turk News (@turknws)

Яндекс.Метрика