Жалғас Жұмағұлов сенімді жеңіске жетті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов «Еуропалық UFC» аталып кеткен Oktagon MMA лигасында чемпиондық айқасын өткізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Чехия астанасы Прага қаласында өткен Oktagon 81 турнирінде ол жергілікті файтер **Давид Дворак**пен октагонға шықты. Кездесу жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін ұйымдастырылды. Сарапшылар жекпе-жек алдында Дворакты басым үміткер ретінде бағалаған.

Алайда айқас барысы күтпеген нәтижемен аяқталды. Екінші раундтан кейін қарсыласы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, жеңіс қазақстандық спортшыға берілді.

Осы нәтижемен Жалғас Жұмағұлов кәсіби мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізіп, Oktagon лигасындағы жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпиондық атағын сәтті қорғады. Ал Давид Дворак MMA-дегі жетінші рет жеңілістің ащы дәмін татты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Яндекс.Метрика