28 желтоқсанда еліміздің басым бөлігіне тұман түседі

Фото: freepik.com

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашын (жаңбыр және қар) күтіледі, батыста қалың қар жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел күшейеді, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.

28 желтоқсанда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Алматы қаласында 28 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Қонаев қаласында 28 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.

28 желтоқсанда Атырау облысында түнде қар жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады, күндіз жауын-шашын (қар жауады, жаңбыр) болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Атырау қаласында 28 желтоқсанда тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс аумақтарда жауын-шашын қар және жаңбыр түрінде жауады. Антициклон сілемінің ықпалында елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығыс өңірлері болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Астанада күн ала бұлтты, кейде қар, боран болады. Жел оңтүстік-батыс, батыс 9-14, түнде және таңертең екпіні секундына 15-20 метр. Түнде ауа температурасы 8-10 градус, күндіз 4-6 градус аяз.

28 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ақтау қаласында 28 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

28 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с-қа, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 25 м/с-қа жетеді. Тараз қаласында 28 желтоқсанда кей уақыттарда тұман түседі.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыс жел секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы 5-7 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.

Өскемен қаласы бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланады.

28 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

28 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

28 желтоқсанда Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жезқазған қаласында 28 желтоқсанда кей уақыттарда тұман түседі.

28 желтоқсанда Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Қызылорда қаласында 28 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі.

Яндекс.Метрика