Фото: видеодан скрин
Қазақстанда таеквондо федерациясының негізін қалаған Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік туған елге қатысты әсерлі жазбасымен көпшіліктің көңілін толқытты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ол Алматыдағы қонақүйде болған сәтін еске алып, айна алдында тұрып ерекше сезімге бөленгенін жеткізді. «Бір мезетке тынысымды ішіме тартып, өзіме өзім сұрақ қойдым: бұл шындық па, әлде түс пе? Мен расымен де өз елімдемін бе? Қазақстандамын. Жүрегім бұл сәтті менен бұрын сезіп, қуанып үлгерді», — деп жазды ол.
Неслихан Өзтүріктің айтуынша, жүзіндегі күлкі жай ғана эмоция емес, бұл — туған жерге деген терең сағыныш пен жүрек түкпіріндегі ерекше сезімнің көрінісі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
