«Нұрлан Әлімжанов берген шығар»: әнші Қалаубаева құшақ гүлімен көпті ойландырып қойды

Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде танымал әнші Айгерім Қалаубаева қызыл гүлге толы үлкен шоқты құшағына алып түскен бейнежазбасын жариялап, жұрт назарын бірден өзіне аударды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы хабарлады. 

Сәнді әрі әсерлі гүл шоғымен көрінген өнер иесі жазба сипаттамасында: «Махаббат – сөзбен емес, әрекетпен дәлелденеді» деп қысқа ғана ой қалдырған. Алайда осы бір сөйлем желі қолданушылары арасында түрлі болжам мен сұрақтың туындауына себеп болды. Көпшілік гүлдің кімнен келгенін қызу талқылап, әртүрлі пікір айтып жатыр.

Желіде «Гүлді кім сыйлады? Ұлы ма, әлде жүрегіндегі адам ба?», «Мүмкін, Нұрлан Әлімжанов шығар», «Нұрлан қайда, қызғанып жүрген жоқ па екен?», «Қазір біреудің жары гүл сыйласа да таңғалмайтын заман болды» деген сарындағы жазбалар жиі кездеседі.

Айгерім Қалаубаева әзірге гүлдің кімнен екенін ашып айтқан жоқ. Дегенмен оның бұл жазбасы әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, көпшіліктің қызығушылығын тағы бір мәрте оятты. Өнер иесінің жеке өміріне қатысты кез келген ишарасы желі назарынан тыс қалмайтыны осы жолы да байқалды.

Яндекс.Метрика