Фото: Видеодан алынған кадр
Әншілікке бет бұрған Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында Қарақат Әбілдинаға қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ол бөліскен видеода Қазақстанның танымал әншісі Қарақат Әбілдина жас өнерпазға жылы лебізін білдіріп, оның таңдаған бағыты мен еңбегін жоғары бағалаған.
«Мені әрдайым қолдап, демеп жүретін қазақтың асыл қызы – Қарақат Әбілдина. Өнерге деген ынтамды сезіп, әндерімді бағалап, орындауыма батасын беріп тағы да шабыт сыйлады. Өзімді шын мәнінде бақытты сезіндім. Сізден осындай жоғары баға алғаныма қатты қуандым. Қыдырәлі аға мен сіздердің қолдауларыңызды ешқашан ұмытпаймын. Сіздердей жандар барда қазақ өнері әрдайым өрлей береді. Құрметті адамымның осы жүрекжарды пікірін парақшамда сақтап қоямын», – деп жазды Мөлдір Мұқан.
