Түркістан облысында отшашудан 2 бала жарақат алды

Фото: Freepic

Сарыағаш ауданында бірнеше жасөспірім пиротехникалық бұйымдарды ересектердің бақылауынсыз қолдану салдарынан жарақат алды. Олар әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір балалардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Осы оқиғаға байланысты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды ерекше сақтық танытып, балалардың қауіпсіздігін жіті бақылауға шақырды.

«Пиротехникалық бұйымдарды балалар мен жасөспірімдердің қолдануына қатаң тыйым салынады. Мұндай заттарды тек ересектер қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып пайдалануы тиіс. Пиротехниканы адамдар көп жиналатын жерлерде және тұрғын үйлердің маңында қолдануға болмайды. Қауіпсіздік ережелерін елемеу ауыр жарақаттар мен қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін», – деді Түркістан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Жасұлан Айнабек.

Яндекс.Метрика