Фото: freepik.com
“Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі Қазақстан халқына ескерту жариялады, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.
Астанада 26 желтоқсанда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Алматыда және Қонаевта 26 желтоқсанда күндіз жолдарда көктайғақ, түнде және таңертең тұман болатыны болжанады. Батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с.
Күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың тау асуларында 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте 26 желтоқсанда кей уақыттарда көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады деп болжанады. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Түркістанда 26 желтоқсанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар),, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасының түнде 22-27, облыстың солтүстігінде 30, оңтүстігінде 15 градус аяз болады деп күтіледі. Семейде 26 желтоқсанда қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.
Маңғыстау облысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20 градус қатты аяз болатыны болжанады. Ақтауда 26 желтоқсанда көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде Қызылорда облысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Қызылордада 26 желтоқсанда түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.
Түнде және күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Таразда 26 желтоқсанда күндіз көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетіп, таңертең және күндіз таулы және тау бөктерлі аудандарда 30 м/с және одан аса болады деп күтіледі.
Түнде Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда 26 желтоқсанда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
