«Кешью тобынан кем емес»: Абай Бегейдің қыздары көрерменнің қошеметіне бөленді

Фото: видеодан скрин

Танымал әнші Абай Бегей ұйымдастырған жеке кеште көрермендерді толқытқан ерекше көрініс болды. Өнер иесінің қыздары сахнаға әкелерімен бірге шығып, өз таланттарын паш етті. Үш бірдей қыздың бір мезетте өнер көрсетуі концерттің рухын көтеріп, кешке жылылық пен отбасылық атмосфера сыйлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Залдағы жұрт қыздардың сахнадағы еркіндігі мен шеберлігін зор ықыласпен қабылдады. Әрқайсысы өзіне тән биі мен вокалдық мүмкіндігін көрсетіп, әкесінің орындауларын жаңа реңкпен толықтырды. Көрермендер бұл сәтті әке мен бала арасындағы ерекше үйлесімнің айқын дәлелі ретінде бағалады.

Жанкүйерлердің әлеуметтік желідегі пікірлері де жылы лебізге толы болды. «Кеш You-дің қыздарынан кем емес», «Әкесінің абыройын асырып жүр», «Қыздары сахнаны жандандырып жіберді» деген мазмұндағы ойлар жиі кездесті.

Жалпы, Абай Бегейдің жеке концерті мен қыздарының ортақ өнері көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырып, сахнада отбасылық бірлік пен шығармашылық қуаттың үйлескенін айқын көрсетті.

Яндекс.Метрика