Дзюдодан 2025 жылғы халықаралық жарыстар маусымы аяқталды. Әлемдік тур аясындағы соңғы бәсеке Жапония астанасы Токиода өткен Grand Slam турнирі болды. Қазақстан құрамасы бұл жарысқа қатыспағанымен, бұл жайт көшбасшы спортшы Абиба Әбужақынова үшін шешуші рөл атқарған жоқ. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы хабарлады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті таратқан ақпаратқа сәйкес, маусым қорытындысында қазақстандық дзюдошы 5096 рейтингтік ұпай жинаған. Осы көрсеткіштің арқасында ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің көшін бастап, жылды бірінші орында түйіндеді.
Өкінішке қарай, басқа отандас спортшылар алғашқы ондыққа ене алмады. Соған қарамастан, Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) пен Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) үздіктерге бір табан жақын болды — екеуі де әлемдік рейтингте 14-орыннан көрінді.
Айта кету керек, биыл Әбиба Әбужақынова Венгрияның Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізіп, Қазақстан дзюдосының халықаралық деңгейдегі беделін тағы да нығайтты.
