Адам шығыны бар: Атырауда сұмдық жол апаты болды

Фото: Pixabay

24 желтоқсан күні шамамен сағат 19:00-де Ақтөбе – Атырау – Астрахань автожолында үш автокөлік қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы хабарлады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жүк көлігі, Toyota Hilux және Toyota Alphard маркалы көліктер соқтығысқан. Апат салдарынан Toyota Hilux көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Атырау облысы Полиция департаменті мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Қазір жол апатының нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Яндекс.Метрика