Фото: freepik.com
«Қазгидромет» 25 желтоқсанға ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде түнде және күндіз көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Астанада бұлтты, қар, жел 15-20 м/с., ауа температурасы түнде және күндіз -4…-6°C одан әрі төмендеуімен.
Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с., түнде температура -2…-4°C, күндіз +3…+5°C.
Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с., ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз +6…+8°C.
Абай облысының солтүстігінде аздаған қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында оңтүстіктен соғып, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Ақмола облысында қар, боран және көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі. Алакөл көлдері ауданында жел шығыстан соғып, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Ұлытау облысында қар, боран және көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, боран, көктайғақ болады. Облыстың батысында, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен соғады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Қостай облысының батысында тұман түсіп, Шығыс Қазақстан облысының батысы мен орталығында жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады.
Павлодар облысының жолдарында көктайғақ болады.
