Фото: видеодан скрин
Танымал әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Абайқызы Жаңа жыл қарсаңында Ақшақар бейнесінде фотосессия жасап, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Өнер иесі түсірілім барысынан видеоны өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Алайда бейнежазба көпшіліктің бірдей көңілінен шыға қойған жоқ. Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.
Кейбірі әншіні қолдап, шығармашылық еркіндігін жоғары бағаласа, енді бірі оның таңдаған образына қатысты сын айтты. Пікірлер арасында бұрын орамал таққанын еске салғандар, киімнің тым ашық екенін айтқандар, сондай-ақ образды орынсыз деп бағалағандар бар.
Сонымен қатар, Ақбота-Нұр Абайқызын қорғап, әр адамның өз стилі мен таңдауына құрметпен қарау керек деген пікір білдірген желі қолданушылары да кездеседі. Жаңа жылдық образ осылайша қоғамда әртүрлі көзқарас тудырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
