«Kinder» өнімінде қауіпті заттар бар ма? – ДСМ түсініктеме берді

Фото: ru.wikipedia.org

Әлеуметтік желілерде «Kinder» өнімінде қауіпті заттар бар деген ақпарат таралуда, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

«Бұл мәліметтердің ескірген және 2016 жылға қатысты екендігін хабарлаймыз.

Аталған мәселе бойынша ЕАЭО-ның құзыретті органдары өз уақытында тексеру жүргізген, нәтижесінде қандай да бір заңбұзушылық фактілері расталмаған», — деп жазылған Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарламасында.

Қазіргі уақытта бұл өнімге қатысты халықтан шағымдар мен өтініштер тіркелген жоқ.

Тек ресми және тексерілген ақпарат көздеріне ғана сенулеріңізді сұраймыз.

Яндекс.Метрика