Рудныйда жүк көлігі өртеніп кетті

Фото: Pixabay

Қостанай облысына қарасты Рудный қаласында жүк көлігі өртке оранды. Оқиға Топоркова көшесінде тіркелді. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат агенттігі хабарлайды.

Хабарлама түскен бойда Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері оқиға орнына жедел жеткен. Құтқарушылар келген сәтте автокөліктің мотор бөлігі мен кабинасы ашық жалынға оранып жатқан.

Өрт сөндірушілер көбіктүзгіш затты пайдаланып, тілсіз жауды қысқа уақыт ішінде ауыздықтады. Абырой болғанда, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

ТЖМ өкілдері жүргізушілерге автокөліктерді уақтылы техникалық тексеруден өткізіп, әсіресе жанармай және электр жүйелерінің қауіпсіздік талаптарына сай болуын тұрақты бақылауда ұстауды ескертеді.

Яндекс.Метрика