«Әпшу берші!»: Неге үлкендер кішкентай балалардан осылай сұрайды және оның сыры неде?

Сурет:Білімділер порталы

Кішкентай балаларға қазақтар кейде «әпшу берші» деп сұрайтынын әрқайсымыз естіген болармыз. Көпшілік үшін бұл тек балаға көңіл көтеру, қызық ойын сияқты көрінеді. Алайда дәстүрдің артында терең ғылыми және гигиеналық мән бар.

Қазақтар бұл дәстүрді әлі сүндеттелмеген 1–4 жас аралығындағы балаларға қолданған. Сол уақытта бала әр дәретке отырған сайын зәр шүмек ұшында жиналып қалады. Егер оны тазаламаса, түрлі инфекциялық ауруларға шалдықтырады. Сондықтан «әпшу берші» деген сөз тек ойын емес, баланың гигиенасын қадағалау мен инфекцияның алдын алу тәсілі болған. Аталарымыз шүмектің ұшынан зәрді уқалап, таза ұстап, кейінгі сүндет рәсіміне де дайындаған.

Ғылыми зерттеулер дәстүрдің медициналық негізін растайды. Австралиялық ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, сүндеттелмеген ер адамдар зәр шығару жолдарының инфекцияларына жиі шалдығады. Мета‑талдаулар көрсеткендей, 0–1 жас аралығындағы сүндеттелмеген балаларда зәр шығару жолының инфекциясына шалдығу ықтималдығы шамамен 10 есе жоғары, ал 1–16 жас аралығында 6,5 есе көп екені анықталған. Сонымен қатар, өмір бойы зәр шығару инфекциясына шалдығу ықтималдығы сүндеттелмеген балаларда 32%, сүндеттелгендерде 8,8% құрайды.

Сүндеттеу тек зәр шығару инфекцияларына ғана емес, кейбір жыныстық жолмен берілетін аурулардың, соның ішінде HIV инфекциясының алдын алуда да тиімді деп есептеледі. Африкадағы бақылаулы зерттеулерде сүндеттелген ересек ер адамдарда HIV жұқтыру қаупі шамамен 60% төмендейтіні дәлелденген.

Сондықтан «әпшу берші» дәстүрі тек көңіл көтеру немесе ойын емес, баланы инфекциядан қорғау, гигиенасын қадағалау және сүндет рәсіміне дайындау тәсілі ретінде қалыптасқан. Қазақтың сөзінде ғылым мен дәстүрдің үйлесім тапқаны айқын байқалады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айтқандай, «дін де, ғылым да, әулиелік те қазақтың сөзінде жатыр» деген сөз осы дәстүрде өміршең дәлелін табады.

Қорытындылай келе, бүгінгі таңда да бұл дәстүрдің медициналық мәнін түсіну маңызды. Әпшу беру арқылы баланың денсаулығы сақталып, инфекциядан қорғану мүмкіндігі артады. Қазақтың мыңжылдық тәжірибесі мен қазіргі ғылыми зерттеулерді бірге қарастырсақ, бұл дәстүрдің мәні толық ашылады.

Яндекс.Метрика