21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК 21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.

Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде –25…–27°С, күндіз –22…–24°С шамасында болады.

Алматыда бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын, негізінен қар түрінде түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Ауа температурасы түнде –2…–4°С, күндіз шамамен +2°С.

Шымкентте көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауып, көктайғақ пен тұман байқалады. Түнде ауа температурасы –4…–6°С-қа дейін төмендеп, күндіз –1…–3°С-қа дейін жылынады.

Шығыс Қазақстан облысында қалың қар жауады деп күтілуде.

Оңтүстік және Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында мол қар жаууы ықпал. Күндізгі уақытта жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болуы мүмкін.

Оңтүстік-батыста да күндіз аралас жауын-шашын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Петропавлда да түнде жаяу бұрқасын жүреді.

Түнде Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оралда да түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с болады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні — 15-20 м/с.

Яндекс.Метрика