Фото: freepik.com
Синоптиктер 19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.
Түнде Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі, таңертең және күндіз оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда жел 15-20, таулы аудандарда 23-28, таулы асуларда 30 м/с және одан да күштірек жел соғады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20, күндіз екпіні 23-28, кейде 30 м/с күшейеді.
Астанада көшпелі бұлт, қар, жел 15-20 м/с., ауа температурасы түнде -13…-15°C, күндіз -5…-7°C.
Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с., түнде температура -5…-7°C, күндіз -1…+1°C.
Шымкентте көшпелі бұлт, қар, жел 5-10 м/с., ауа температурасы түнде -5…-7°C, күндіз -1…+1°C.
Ақтауда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с., түнде ауа температурасы +1…+ 3°C, күндіз + 3…+5°C.
Ақтөбеде көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 5-10 м/с., түнде ауа температурасы -3…-5°C, күндіз -1…-3°C.
Атырауда көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, түнде жел 5-10 м/с., түнде ауа температурасы -2…-4°C, күндіз 0…+2°C.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында және оңтүстігінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз облыстың шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, күндіз шығысында және орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түседі.
