Фото: freepik.com
18 желтоқсанда еліміздің көптеген өңірінде қар жауады. Кей облыста тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады.
Астанада күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, кей уақыттарда екпіні – 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда екпіні – 25 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні – 23 м/с.
Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Талдықорғанда 18 желтоқсанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман түседі деп болжанады.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қалың қар түседі, облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қонаевта 18 желтоқсанда түнде көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Алматыда 18 желтоқсанда көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні – 15-18 м/с.
18 желтоқсанда түннің бірінші жартысында Түркістан облысының таулы аудандарда қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкентте кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
18 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
18 желтоқсанда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.
