Әлеуметтік желілерде Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға жеткізілгені жөнінде ақпарат тарады. Алайда бұл мәліметті ҚР Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаевтың айтуынша, Ақжарқын Тұрлыбай қазіргі уақытта Қазақстанға әлі қайтарылған жоқ. Әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.
Сонымен қатар министрлік өкілі Қазақстан тарапы Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару мәселесі бойынша тиісті жұмыстарды жалғастырып жатқанын атап өтті. Бұл бағыттағы келіссөздер мен құқықтық рәсімдер дипломатиялық арна арқылы жүргізілуде.
Айта кетейік, бұған дейін желі қолданушылары арасында Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға әкелінгені туралы хабар кеңінен тарап, қоғамда қызу талқыға түскен еді. Ресми органдар бұл ақпаратты растамады.
