Фото: видеодан скрин
Алматы қаласының халықаралық әуежайында «Алматы – Бангкок» бағытындағы әуе рейсінде тәртіп бұзған шетелдік төрт азамат ұшақтан түсірілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, жолаушылардың екеуі масаң күйде болған. Әуе кемесінің бортында олардың арасында жанжал шығып, жағдай төбелеске дейін барған.
Оқиғаға байланысты әуе көлігінде бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушылыққа қатысы бар екі адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
