17 желтоқсан еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Фото: freepik.com

«Қазгидромет» 2025 жылдың 17 желтоқсанына арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, қар, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел қарқыны — 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіліп, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысының солтүстігі мен батысында желдің жылдамдығы — 15-20 м/с, жаяу бұрқасын соғады.

Қостанай облысының солтүстігінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, жаяу бұрқасын көтеріліп, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болжанады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі, батысында желдің қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды өзгермелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с.  -9…-11°C аяз.

Көкшетау жауын-шашынсыз. Жел 15-20 м/с.  -9…-11°C аяз.

Қонаев өзгермелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы -5…-7°C.

Абай облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с.

17 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15 м/с күтіледі.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

17 желтоқсан түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман болады.

Яндекс.Метрика