FlyArystan-да тағы да дау: Рейстердің кешігіп, жолаушының айыппұл төлеуіне кім жауапты?

Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде әуе рейстерінің жиі кешігуі және жолаушылар құқықтарының бұзылуы туралы видеолар қызу талқылануда. Жолаушылардың айтуынша, рейс уақытынан кейінге қалдырылған жағдайда авиакомпаниялар жауапкершіліктен оңай құтылып, айыппұлсыз қалады. Ал ұшуды күтпей, өзге әуе тасымалдаушысының рейсіне билет алуға мәжбүр болған азаматтар керісінше шығынға батады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Тіпті сол авиакомпанияның басқа рейсіне қайта тіркелудің өзі қосымша төлемді талап етеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 2020 жылдан бастап кейбір әуе билеттері қайтарымсыз санатқа енгізіліп, жолаушылардың авиакомпанияларға шағымдану немесе сотқа жүгіну мүмкіндігі айтарлықтай шектелген.

Бұл жағдай жолаушыларды әлсіз тарапқа айналдырып, ал әуе тасымалдаушыларды жауапкершіліктен босатып отыр деген пікірлер күшейіп келеді. Қоғам белсенділері мен заң саласының мамандары мемлекет әуе тасымалына қатысты бақылауды күшейтіп, жолаушылардың құқықтарын нақты әрі тиімді қорғау тетіктерін енгізуі қажет екенін алға тартады.

Яндекс.Метрика